Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде қар жауып, 30 м/с-тан асатын жел соғады

бұлтты
Фото: pixabay.com

Бүгін Қазақстанның бірнеше облысында ауа райы күрт құбылады. Кей өңірлерде жаңбыр соңы қарға ұласып, қатты жел соғады, үсік пен тұман күтіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖМ мәліметінше, Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар және Қарағанды облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жаңбыр соңы қарға ұласып, тұман түседі.

Жетісу облысында желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін. Бірқатар өңірде жел 15-23 м/с-қа дейін күшейеді. Еліміздің солтүстігі мен шығысында 1-3 градус үсік күтіледі. Қызылорда және Түркістан облыстарында шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Сонымен қатар еліміздің бірқатар өңірінде төтенше өрт қаупі әлі де сақталады.

 

Қарлығаш Асқарова
Дүйсенбі, 07 Қыркүйек, 2026 09:16